Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курортын салу жоспарлануда

03 March 2021

Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курортын салғысы келеді. Қазіргі уақытта Алматы облысының әкімдігі жобаны іске асыру бойынша инвесторларды іздестіруде.

Жаңа курорт Еңбекшіқазақ ауданында, Түрген ауылының жанында орналасады. Жобаның құны 400 миллиард теңгеге бағаланады.

Алматы облысының әкімдігінде хабарлағандай, құрылысты 2022 жылы бастау жоспарлануда, ал 2025 жылы жаңа демалыс орнына елді мекенмен бірдей “Түрген”атауын беруді жоспарлап отыр.

“Қазір Түрген локациясының инженерлік инфрақұрылымын салу бойынша құны 262,5 мың доллар болатын жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу басталды”, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бір жыл бұрын Түркістан облысында тау шаңғысы курортының құрылысы жоспарланғаны белгілі болды. Шаңғы трассалары, лифттер мен қонақ үйлер 2021 жылы салына бастайды деп жоспарланған. Курорттың жалпы ауданы-280 гектар. Ал жобаның құны шамамен 25 миллиард теңгені құрады.

Сайттан алынған ақпарат Tengritravel.kz

Қолдауымен
Серіктестер
Apple Store дүкеніндегі Redbus қосымшасы
Google Play-дегі Redbus қосымшасы