Билет сұрақтары:
24/72 сағаттық билет нені білдіреді?
Бұл билет көрсетілген уақыт аралығында кез келген аялдамадан шектеусіз түсу және міну мүмкіндігін береді. Жолаушылар нақты бір автобусқа таңылмаған, бұл оларға қала бойынша жүру бағыты мен уақытын еркін жоспарлауға мүмкіндік береді.
Билетті қайдан сатып алуға болады?
Билеттерді біздің сайтымыздан онлайн немесе «Астана-Бәйтерек» монументінің жанындағы кассадан сатып алуға болады. Сондай-ақ билеттерді басқа аялдамаларда автобус ішінде сатып алу мүмкіндігі бар.
Бір күндік билет бар ма?
Иә, бізде 24 сағаттық билеттер бар.
Жеңілдігі бар билеттер қарастырылған ба?
Иә, жеңілдік билеттері балаларға, студенттерге, зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға және 2, 3-топтағы мүгедектігі бар жандарға беріледі. Жеңілдік билетінің құны — 3000 теңге. Жеңілдікке құқығыңызды растайтын құжаттың болуы маңызды. 1-топтағы мүгедектігі бар жандарға бір ілеспе адамымен бірге билет тегін беріледі.
Бағыт бойынша сұрақтар:
Бағыт бойынша неше аялдама бар?
Бағыт туралы толық ақпаратты біздің сайтымыздан таба аласыз.
Автобус аялдамасының қайда екенін қалай білуге болады?
Кез келген аялдаманың орналасқан жерін сайттағы «Бағыт» (Маршрут) бөлімінен көре аласыз.
Автобус қаншалықты жиі жүреді? Келесі автобустың қашан келетінін қалай білеміз?
Автобустардың қозғалыс жиілігі мен келесі рейстің уақыты туралы ақпаратты біздің сайтымыздан немесе Instagram-дағы @astanaredbus парақшасынан білуге болады.
Бағыт қанша уақытқа созылады?
Бағыттың ұзақтығы — 2 сағат.
Қолжетімділік туралы сұрақтар:
Орынды алдын ала брондауға бола ма?
Жоқ, бізде еркін отыру жүйесі жұмыс істейді, орындарды брондау қарастырылмаған.
Автобустар/теплоходтар мүгедектер арбасына таңылған жандар үшін қолжетімді ме?
Иә, біздің автобус мүгедектер арбасына арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған.
Итпен кіруге бола ма?
Иә, егер ит басқа жолаушыларға кедергі келтірмесе, рұқсат етіледі. Сондай-ақ жетекші иттерге (собака-поводырь) рұқсат бар.
Жалпы сұрақтар:
Автобусқа қай жерден мінуге болады?
Жолаушылар сайтта көрсетілген кез келген аялдамадан автобусқа міне алады.
Жұмыс уақыты қандай?
Кесте «Бағыттар» бөлімінде жарияланған. Кестедегі кез келген елеулі өзгерістер біздің сайтымызда немесе әлеуметтік желілерде хабарланады.
Автобуста гид бар ма?
Иә, біздің автобуста кәсіби экскурсовод дайындаған көптілді аудиогид орнатылған. Жолаушылар құлаққапты тегін ала алады.
Автобустарыңыздың төбесі ашық па?
Жылдың жылы мезгілінде автобустардың төбесі толықтай ашылады. Дегенмен, жолаушыларға жайлылық сыйлау үшін ауа райының өзгеруіне жедел әрекет етеміз.
Қаланың басты көрікті жерлерін көре аламыз ба?
Иә, біздің бағыт жолаушылар қаланың барлық басты көрікті жерлерін көре алатындай етіп жасалған. Жалпы алғанда, бағыт бойынша 12 көрікті жер қамтылған.
Заттарымды автобуста/теплоходта ұмытып кеттім. Не істеу керек?
Бізге телефон соғып, мән-жайды түсіндіріңіз: жоғалған заттарды сипаттап, қай аялдамадан және қай уақытта түскеніңізді айтыңыз. Байланыс нөміріміз: 8 777 555-75-75.
Егер билетті пайдаланып үлгермесем, оны қайтара аламын ба?
Егер сіз біздің кінәмізден жүре алмадым деп есептесеңіз, біз өтінішіңізді қарастырамыз. Ал қалған жағдайларда (билетті сатып алып, жеке себептермен келмесеңіз, жұмыс істемейтін уақытта келсеңіз, соңғы рейстен кешігіп қалсаңыз және т.б.) билет қайтарылмайды.
Өз пікірімді немесе шағымымды қайда қалдыра аламын?
Біздің электронды поштамызға жазыңыз — info@redbus.kz
Жалға алу/жарнама/ынтымақтастық бойынша сұрағым бар – кімге хабарласуға болады?
Қажетті ақпаратты алу үшін көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Нөміріміз: 8 777 555-75-75.